" Күзгі саябаққа серуен"
19 қазан мектеп оқушыларымен жоспар бойынша " Күзгі саябаққа серуен" тақырыбы аясында серуен ұйымдастырылды. Мақсаты : салауатты өмір салтын насихаттау, таза ауада серуен, күзгі табиғат құбылыстарын бақылау. Серуен барысында оқушылар мен мұғалімдер арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Таза ауада дастархан жайып оқушылар апарған тағамдарын жеді. Ауа - райы да ерекше көңіл күй сыйлады. Оқушылар жақсы дем алып қайтты.