Мектепшілік " Отбасы бақыт аясы" тақырыбында ата аналар жиналысы ұйымдастырылды
"Мықты ұлт отбасында қалыптасады" Отбасы" күніне орай апталық жоспар бойынша мектебімізде 22 қыркүйек мектепшілік " Отбасы бақыт аясы" тақырыбында ата аналар жиналысы ұйымдастырылды.Жиналыс басында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Калабаева Айнагуль Еслямовна барлық ата- аналарды Отбасы күнімен құттықтады. Кейін оқушылардың дайындаған шағын концертімен жалғасын тапты.
Күн тәртібі бойынша 2023-2024 ж. тәрбие бойынша өзгерістермен соның ішінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" бойынша жоспармен таныстырылды. Сонымен қатар мектебімізде Педагогикалық қолдау орталығы мен Даналық мектептер ашылатыны туралы айтты. Мектептің ішкі тәртіп ережесін ата- аналарға түсіндірді. Соның ішінде мектеп формасы мен мектепке әкелуге тыйым салынатын заттарға кеңінен тоқталды. Оқу ісінің орынбасары Ипова А.С оқуға қойылатын талаптар туралы айтты, Мектепке жол акциясы мен тегін тамақтану туралы Жолымбаева Ж.С есеп берді. Мектеп психологы Шамилова Б.А мектеп оқушыларының мектепке бейімделуі, ата- аналардың балалармен үй жұмыстарын жасау бойынша біршама кеңестер берді. Психологиялық әл- әухатына үнемі назар аударып, зорлық- зомбылықтың алдын- алу бойынша кеңестер берді.Үнемі мектеппен тығыз байланыста болуларын сұрады. . Сондай-ақ онлайн кеңес алу үшін мектептің кіре беріс дәлізінде сенім телефондары мен СR коды барын ескертті. Жиналыс соңында "Келші келші балашым" әнімен караоке айтылды.