22 қыркүйек тілдер онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өтті
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
5 қыркүйектен бастау алған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шаралар өз мәресіне жетті. Іс-шаралар барысында сайыстар, интеллектуалдық ойындар, сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайысы, викториналық сұрақтар сияқты түрлі жұмыстар жүргізілді. Өткізілген жұмыстардың қорытындысы ретінде 22 қыркүйек тілдер онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өтті. Жүлделі орын алған оқушылар марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілімізді тек қана осындай іс-шараларда ғана емес, әрдайым дәріптеп, құрметтеуіміз қажет.